166 ТҰРҒЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Облыстың жұмыссыз жүрген 166 тұрғыны бүгін жұмыспен қамтылды. Бір қуантарлығы олардың арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарда бар. Бұл игі шара Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің арқасында мүмкін болды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық прокуратура, Жеке сот орындаушылардың палатасы бірлесіп ұйымдастырылған шараға білікті маман іздестіріп жүрген ұжымдар, қоғамдық бірлестіктер жалпы қаладағы 33 мекеме ат салысты. Шаһарымызда жиі өткізілетін жәрмеңкенің мақсаты халық арасынан қажетті маман таңдауларына, жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуына ықпал жасау. Айта кетейік, соңғы жылдары қала экономикасында орасан зор өзгерістер орын алуда, атап айтқанда еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі және жұмыспен қамтылған халықтың тұрақты өсуі байқалады. Аталмыш өзгерістерге бос жұмыс орындары жәрменкесінің септігі тисе керек

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>