ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ АНА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Шиелі ауданында ескі мектеп ғимаратының бір бөлігін 6 баласымен бірге паналап отырған  жалғыз басты ана баспана бақытына кенелді. Көптен күткен арманы орындалған отбасының қуанышына өңіріміздегі үкіметтік емес ұйым өкілдері мен еріктілер тобы ортақтасып қайтты. Жыл басталысымен елімізде қайғылы жағдайлар орын алғандығы бәрімізге мәлім. Осы оқиғаларға байланысты шара құран бағыштаумен басталса, екінші бөлігінде Харекет республикалық қайырымдылық қорының тағы бір игі ісімен жүзеге асты. Қайырымдылық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Аталмыш қайырымдылық қоры 1000 теңгеге баспана аясында 71 пәтердің кілтін Шиелі ауданының тұрғыны Ұлжамал Әлиеваға тапсырды.  2017 жылдан бері ауқымды жұмыс атқарып келе жатқан қордың жасаған жұмысына пәтер иесі дән риза, ендігі кезекте 6 баласымен жылы, жаңа  баспананы паналайтын Ұлжамал апайдың қуанышында шек жоқ

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>