Әкімдіктен үміткерлер бағдарламаларын таныстырды

Қызылжарма ауылдық округінің әкімі басқа жұмысқа ауысуына орай әкімдік лауазымы бос тұр. Қызметке конкурс жарияланған. Үміткер ретінде тіркелген екі қала тұрғыны мәслихат депутаттарына сайлау алды бағдарламаларын таныстырды.

Алғашқы болып мінбеге үміткер Бисенбаев Ерлан көтерілді. 2013 жылдан бері тасбөгет кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарып келе жатқан Ерлан Тұтақабайұлы өз бағдарламасында округтегі атқарылуы тиіс, кезек күткен мәселелерді барынша тізген. Атап айтар болсақ үміткер бағдарламасында кентті көркету көгалдандыру, аяқ сумен ауыз су мәселесін шешу, жол инфрақұрылымын жақсарту қамтылыпты.
Ыждағаттылықпен тыңдаған халық қалаулылары үміткер бағдарламасының кей тұстарына сыни көзқараста танытса, кейбір солқылдақ деген тұстары жөнінде сауалдарын ірікпеді. Көбісі мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілінің аздығын алға тартты. Келесі үміткер кәсіпкер Ермұрат рахматуллаев. Осы уақытқа дейін бизнестің жілігін шағып майын ішкен кәсіпкер ресторан бизнесін жолға қоюымен қатар қайырымдылық шараларымен де айналысқан. Қарауылтөбенің меценаты атанған бұл үміткердің бағдарламасы жүйелі жасалыпты. Сондықтан талас тудырған сауалдар болған жоқ.

Екі үміткерде округ тұрғындарына таныстырылған. Сайлау 10 шілдеге белгіленіпті. Кімнің бабы мен бағы қатар шабары сонда анықталмақ.

Once you hire https://goldessayclub.com/ them, you can be sure that your essay will look like as if it was written by a qualified researcher.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>