Ұстаздардың білімі мен біліктілігі сыналды

Облыстық оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік топ жетекшісі – 2016» байқауы болып өтті. Болашақ университитетінде өткен сайысқа облыс және қала көлеміндегі кәсіптік және техникалық колледждердің оқытушылары қатысты.

Болашак

Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл сайыс биылда өз жалғасын тапты. Байқауға барлығы 15 қатысушы қатысты. Шараның негізгі мақсаты облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру орындарында жұмыс жасап жатқан ұстаздардың біліктілігі мен білімін анықтау болып отыр. Байқау бірнеше кезеңдер бойынша болып өтті. Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар өздерінің осы уақытқа дейінгі білім алушылармен жасаған жұмыстарын саралап , әділ қазыларға таныстырыпты, келесі кезеңдерде түрлі бағытта тест тапсырып, өздерінің авторлық жобаларын қорғады. Қатысушылар 2 күн бойы барлық білімдерін көрсетуге тырысып бақты. Сайыс соңында өз білімімен біліктілігін дәлелдеп, әділ қазылардың жоғары бағасына ие болған Қызылорда көп салалы гумаманитарлық- техникалық колледжінің оқытушысы Айбусынова Жазира жеңіп алды.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>