ҰБТ — 2016

Қызылорда қаласы бойынша 2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін 49 мектептің 11 сыныбында оқып жатқан 1891 оқушының 1630-ы Ұлттық бірыңғай теслеуде бақ сынамақ. Олардың сынақтан сүрінбей өтуі үшін мектептердің өзінде апта сайын, қалалық білім бөлімінің тарапынан ай сайын сынама тестлеу өткізіліп отыр.
3_Gimnazia520
Жаңақорған ауданына орналасқан Қызылорда облысының олимпиадаға дайындық және қосымша білім беру орталығында оқушылардың қосымша дайындық жұмыстарына 14 миллион теңге бөлінген. 2015 жылдың 10-19 қараша аралығында 214 бала осы орталықта Ұлттық бірыңғай тестлеуге дайындық жұмыстарын жүргізді. Оларға біліктілігі жоғары, үнемі тестлеуге дайындық жұмыстарын жүргізіп жүрген 21 мұғалім сабақ өткізеді.
3_Gimnazia55
Өткен жылмен салыстырғанда сынама тестлеудің орташа көрсеткіші 8 баллға жоғары. Бұл дегеніміз «Алтын белгіге» үміткер 112 баланың, «Үздік аттестат» алғалы отырған 72 оқушының ата-аналарының үкілеген үміттерінің ақталуына бір табан болса да жақындадық деген сөз.
3_Gimnazia03
2016 жылдың ақпан және сәуір айларында Жаңақорған ауданына орналасқан Қызылорда облысның олимпиадаға дайындық және қосымша білім беру орталығында жалғасын табады. 2015 жылдан бастап қала мектептерінде тегін сынама кітапшалары таратылуда. Бұған қалалық бюжеттен 12 миллион қаржы бөлінді. Мектеп бітіретін түлектерге деген мемлекеттің қамқорлығы айрықша. Енді соны ақтай білу оқушылардың өз қолында.
3_Gimnazia01

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>