Үкімет марапаты

«Құрмет», «Парасат» және Халықаралық «Сократ» ордендерімен, «Жеңістің 20 жылдығы» тағы да басқа медалдармен марапатталған Бақберген Сәрсенұлы Ғылымдағы ерен еңбегі үшін көптеген ғылым академияларының және Сеул Ұлттық университетінің құрметті академигі. Сонымен қатар екінің бірінің қолы жете бермейтін жоғарғы ғылыми дәреже ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корроспендент мүшесі болуы. Елбасымыздың өзінің қолынан да көптеген марапаттарға, алғыс хаттарға ие болған Бақберген аға Сәрсенұлы облыстық мәслихаттың акт залында аймағымыздың жақсылары мен жайсаңдарының алдында үкіметіміздің тағы бір жоғарғы марапатына ие болды. Еліміз Тәуелсіздік алған 90-шы жылдардың ортасындағы қиын кезеңдерде Қызылорда қаласын көрейтіп, жасандырып алып шығау кім-кімге де оңай болмағаны белглі. Сол кезде ауыр жүкті қала әкімі Бақберген Досманбетов көтерді. Көтергенде де атқарған жұмастарынан шашау шығармай Толағайдай тік көтерді. Жас Тәуелсіз мемлекеттен еліміздің әлем таныған, өзгелермен терезесі тек,өркениетті елдермен иық тірестіріп. Көбінен кеуде қатар озық тұрған Қалыптасқан қазақстанның бүгінгі жетістігінде Бақберген Сәрсенұлының ғалым ретінде де, әкім ретінде де, сенатор ретінде де еңбегі өлшеусіз. Осы еңбектің елінің қажетіне жарағанына мерей той иесінің өзі де риза. Ғалым Бақберген Сәрсенұлы облыс әкімі Қырымбек Елеуұлына өзінің «Түркі халықтары» этнодемографиялық аспект атты ғылым еңбегі мен өзі туралы шәкірттері шығарған «Бақ берген», «Қос қолтаңба» атты кітаптар мен өмір жолдарынан сыр шертетін сурет-жинақты сыйға тартты.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>