Үйлерді қызылордалықша жаңғырту

Желтоқсан Көшесіндегі мына бір көпқабатты үй өзгелерден ерекше. 24 пәтерлі үйден жаңалық пен жаңарудың лебі еседі. Мемлекеттік жағырту бағдарламасынан өткен үйдің пәтер иелері бағдарламаның тиімділігі үшін дән риза. Тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуде тұрғындардың өзіндік талаптары да бар. Үйлерге бас салып күрделі жөндейлер жүргізіле бермей, енді тек тұрғындар жаңғырту қажет дегендерін ғана қолға алады. Көбіне пәтер иелері үйлердің төбесіндегі жабындылар мен өжірелердің күрделі жөндеуден өтуі талап етіледі. Кіре беріс есіктердің де заманауи талаптарға сай болғанын қалайды. Үйлерінің негізгі кем-кетігін жөндетіп алғандардың енді көңілдері де бірленген.
Абай даңғылы 54 үйдің тұрғындары су және кәріздік жүйелерін жаңартып алуды көздейді. Ол үшін шаршы метріне 18 ден 24 мың теңгеден төлейді. Мемлекеттік бағдарлама аясында күрделі жөндейден өткен үйлер бас қатырар проблемаларынан құтылған. Оны көрген басқа үйлердің тұрғындары жөндеуге қажетті қаржыларын төлеп, жұмыстың да жемісін күтпек. Биылғы жылы 257 миллион теңге осы мақсатқа қаралып отыр

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>