Қызылордалықтарға пәтер кілті тапсырылды

Қала күніне орай қызылордалықтарға 60 пәтерлі 2 үйдің кілті табысталды. КБИ мөлтек ауданында салынған 2 үйде 120 отбасы қоныс тойын тойлауда. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев үй иелерін қуанышымен құттықтап, кілтті өз қолымен табыс етті.
Бүгінгі таңда облысымызда құрылыс көлемі 3,5 есеге өссе, қалада 8 есеге дейін өскен. Осының арқасында пәтер кезегіне тұрған отбасылар баспанамен қамтылуда. Қала күніне орай 120 отбасы пәтерлі болып, қуаныштары еселене түсті. Аймақ басшысы пәтер иелерін қала күнімен және баспаналы болуымен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.
Пәтерге қол жеткізгендер арасында жетім балалар, мдицина саласының қызметкері, екі Ұлы Отан соғысының арадагері бар. Баспаналы болған ардагер ақсақал Тәнеш Ораз жиналғандарға ақ батасын берген, бүгінгі бейбіт елдің тірлігіне шүкіршілік етті.
Ақ жаулықты ана, алтын белгі иесі Раушан Қарақызы бүгінгі қуанышты күткеніне 8 жыл болды. Өзінің қызы мен күйеубаласы өмірден озған соң, олардың үш баласын өзі тәрбиелеп жеткізді. Патранаттық ана атанды. Жетімдедерді мектепте оқытып, жоғарғы оқу орнына түсірді. Бүгінде немерелі облыс орталығында оқып, жұмыс жасайтындықтан баспаналары болса деп армандады. Раушан апа бүгін сол арманына жетіп, қуаныштан тоқып жүр. Қол жеткізген пәтеріне көңілі толады.
Жастайынан ата-анасынан бірдей айрылған үш бала мектеп жасында ауылдағы әжесінің қолында тұрды. Оқуларын үздікке аяқтап, үшеуі де жоғарғы оқу орнына түскен. Олар бұған дейін қалада пәтер жалдап келіпті. Енді міне бүгін жаңа пәтерге қол жеткізде. Мемлекеттен жасалған қамқорлыққа айтар алысы шексіз.
Жаңадан салынған арендалық үй жаңа заманға лайықталып, салынған. Бөлмелері кең әрі, жайлы. Жыл аяғына дейін мұндай үйлердің тағы бір нешеуі өз иелеріне тапсырылатын болады.
Ерқанат Сәрсенбай

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>