Қызылордалық полицейлер ірі көлемдегі пәтер ұрлығын жасаған қылмыстық топты құрықтады

Полиция қызметкерлерінің орын алған пәтер ұрлықтары қылмыстарының бетін ашу, кінәлі азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Қызылорда ОІІД қызметкерлері 6 мәрте пәтер ұрлығы қылмысын жасап, қала тұрғындарына ірі көлемдегі шығын келтірген 2 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің, яғни 1990 жылы туылған және 1995 жылы туылған азаматтардың қылмыстық іс-әрекеттері толығымен дәлелденіп, айғақ заттары алынды. Орын алған қылмыстар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2,3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Екі күдікті азамат та Қызылорда ҚІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сезіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жасалуда.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>