Қызылордада құрылыс қарқынды

Қызылорда құрылыс салу қарқыны бойынша республикада көш бастап тұр. Үлкен құрылыс алаңына айналған Сыр елі жаңа ғимараттармен, тұрғын үйлермен толығуда. Тек үстіміздегі жылдың өзінде 67 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты. Биік мұнаралы крандар, жүк көліктері, тағы да басқа көптеген арнайы техника және 1600 құрылысшы «Сәулет» мөлтек ауданында еңбек етуде. Қала әкімі бастаған топ алдымен осы ауданда болды. 21 мың шаршы метрді құрайтын бұл жерде 7 тұрғын үйдің құрылысы бүгінде қарқынды түрде жүріп жатыр. Әр үйде 50 пәтер қарастырылған. «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан бұл үйлер Конституция күні қарсаңында пайдалануға берілмек. Яғни, 350 отбасы үйлі болып, мерекемен қатар қоныс тойын тойлайтын болады. Бұл жобаның сметалық құны 2 млрд 940 млн теңгені құрады. Алайда билік өкілдеріне бұл қаржыны табудан бөлек, үйлердің орналсатын жерін босату қиын болған көрінеді. Үйлі, көңілдері күйлі болатын отбасылардың қатары конституция күнінде артады. «Арай 3» тұрғын ауданында да қоныс тойы болмақ. Ал әзірше мұнда қызу жұмыс. 68,6 мың шаршы метрді құрайтын бұл жерде 1 мың 20 пәтерлі 20 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Жалпы қарқынды құрылыс кезекте тұрған азаматтарды баспаналы етуден бөлек, осы салада қызмет істейтін 14 мың адамды еңбекпен қамтамасыз етіп, нәпақасын табуға мүмкіндік беріп отыр. Билік өкілдері «Арай 3» тұрғын ауданының инфрақұрылымдық жайын ұмыт қалдырмаған. Сұлтан Бейбарыс көшесінен «Қызылорда – Жалағаш» трассасына дейінгі магистральді көше дәл осы жақтан өтпек. Сыр елінің мақтанышы, дарияның бойынан түп-түзу асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы қарастырылыпты. Оған қоса салауатты өмір салтын ұстанып, велесипедттермен жүретін жұртқа арнайы жол салынады. Жарықтандыру, аббатдандыру жұмыстары тағы бар. Салынып жатқан жолдың ұзындығы 7 шақырым, ені 9 метрді құрайды. Қазіргі таңда, 70 пайыз қаржысы игерілді. Қызылорданы көркейту бағыты бойынша ауқымды жобалар бар. Оларды жүзеге асыру мақсатында жол бойындағы саяжайлар мемлекет меншігіне қайтарылмақ.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>