Қызылорда облысының аудандарында әлеуметтік нысандар ашылды

Астана күні мерекесі қарсаңында Қазалы-Арал аудандарында әлеуметтік нысандар ашылды. Қазалы ауданында балапан бағдарламасы аясында 90 орындық балабақша ашылса, Арал ауданындағы Қамыстыбас елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб халық игілігіне пайдалануға берілді.

Ауылдық клубтың лентасы қиылды

Ауылдық клубтың лентасы қиылды

Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы тұрғындары үшін жаңа балабақша көптен күткен қуаныш. Өйткені бұған дейін ауыл бүлдіршіндері ескі ғимаратта тәрбиеленіп келген болатын. Балапан бағдарламасы аясында өткен жылдың маусым айынды балабақша құрлысы басталып, бүгінде пайдалануға беріліп отыр. Нысанның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.
Бүгінде Жанқожа ауылында 3 пен 6 жас аралығында 143 бала болатын болса, оның 90-ы осы балабақшада 5 топқа бөлініп, тәрбиеленуде. Ал қалған балалар мектеп жанындағы орталыққа орналасқан. Осы жаңа нысанның арқасында ауылдың 30-ға жуық тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде бой көтерген ауылдық клубтың ашылуына қатысты. 150 орындық мәдениет ошағы жаңа заманға лайықталып салынған. Ғимарат ішінде 10 мыңнан аса кітап қоры бар ауылдық кітапхана да орналасқан.

Қамыстыбас ауылдық мәдениет үйі

Қамыстыбас ауылдық мәдениет үйі

Ауылдық клуб кино көрсететін қондырғылармен де қамтылған. Мәдени іс-шаралармен қатар фильмдер де көрсетілетін болады мұнда. Ауыл тұрғындары жаңа ғимараттың ашылғанына өте қуанышты. Соңғы уақытта елді-мекеннің әлеуметтік жағдайын көтеруге барынша қолдау көрсетіліп келеді дейді.
Ауылдық клубты салуға облыстық бюджеттен 166 млн теңге қаржы бөлініп, өткен жылдан бастап салына бастаған. Құрылыс жұмысы сапалы жүргізіліп, өз уақытында пайдалануға беріліп отыр.

Some people don’t have an idea of what to do https://domyhomework.guru with their personal statement for graduate school or computer science coursework.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>