Қазалыда қан қысымы қауіпті емес

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өткен пресс турға қатысушылар Қазалы ауданынының теміржол ауруханасында болып жұмысымен танысты. Журналистерді аурухананың 2016 жылдың ақпанында ашылған Нейроинсульт орталығының қызметі барысы қызықтырды. Медицина ғылымдарының докторы, жерлесіміз Болатбек Баймаханов алдын алса обыр ауруынан да 99 пайызы жазылып кетеді деген еді. Енді қазір екінің бірін төсекке таңып, сал қылып кіріптарлыққа салатын, асқынып кетесе ажалдың тырнағына тастайтын қан қысымынан болатын «инсульттан» да дәрігерге ертерек көрінсе аз уақытта аяғынан тік тұрғызып жібереміз дейді Қазалы темір жол ауруханасының директоры, денсаулық сақтау саласының үздігі Құбыл Ршымбетов. Ол үшін дәрігерлер тілінде «Алтын уақыт» деп аталатын алғашқы үш сағат өте қымбат. Инсульт белгісі сезілген бойда тезірек дәрігердің көмегіне жүгінген науқастың осы аралықта «құлын тайдай шапқылап кетуге» мүмкіншілігі бар. Алайда, біздің «қазақ қайтер десің?» деген жайбасарлықтың жетегінде жүріп осы тәңір сыйлаған алтын уақытты зая кетіріп алады. Бірақ, бұл ендігі қалған уақытта науқас қауіптің құрсауында деген сөз емес. Біз, қызметімен танысқан Қазалы теміржол ауруханасының нейроинсульт оралығының алтын қолды дәрігерлерінің шипасы қан қысымымен құлағандарды қайтадан қуанышқа бөлейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен 2016 жылдың ақпанында ашылған орталықтың дәрігерлерінің бәрі өз мамандығының шыңына ұмтылғандар. Облыс орталығынан арнайы шақырылған дәрежелі дәрігер Дастан Аманбай меңгерушілік жасайтын орталық тек қана Қазалы ауданына ғана емес сонымен атар көршілес Арал, Қармақшы аудандарының халқын да өз қызметтерімен қамтиды. 10 төсектік нейроинсульт бөлімі мен 10 төсектік наврореаблитация бөлімінен тұратын орталықтан дертіне дәру тауып, шаңырақтарының үміт шырағын қайта жаққандар көп. «Апаттар медицинасының теміржол госпиталдары» акционерлік қоғамының филиалы «Қазалы темір жол ауруханасының» нейроинсульт орталығы барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Онда, алған емі бойына дарып, төсектен енді ғана тәй-тәй тұрған науқасты өмірге қайта бейімдейді. Медициналық спорт құралдарымен қатар, есік тұтқалары, шкаф суырмалары, ілгешектерге дейін олардың қалыпты тіршіліктің тұтқасын нық ұстауға ұмтылдырады. Қазалы теміржол ауруханасының басқа бөлімдерінің жұмысы да осындай жоғарғы деңгейді. «Нағыз дәрігер үшін сырқаттың шынайы ризашылығынан асқан бақыт болмайды», дейді «Сыр медицинасының үздігі» медалінің иегері Қазалы теміржол ауруханасының басшысы Құбыл Ршымбетов. Сондықтан ол басқаратын мекеменің дәрігерлерінің бәрі бақытты.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>