Қазақстанның үздік тауары көрмес-байқауы

«Жібек жолы» сауда орталығы ауласында облыстық кәсіпкерлер палатасы «қазақстанның үздік тауары» көрме- байқауын ұйымдастырды. Оған аймағымыздан кәсіпкерліктің түрлі салалары бойынша 25 тауар өндіруші қатысты. Олардың еңбектерін бизнес және мемлекеттік орган өкілдері үш номинация бойынша бағалады.Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары мен марапатталды.
Елімізді сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету-кәсіпкерлердің басты мақсаты.Елбасымыздың тапсырмасына орай олардың еңбектерін ынталандырып, лайықты бағалау үшін 2006 жылдан бері өңірлік және республикалық «қазақстанның үздік тауар» көрме-байқауын ұйымдастырылып келеді.Оның нәтижесі жаман емес Кәсіпкерліктің түрлері жылдан жылға дамып,олардың шығарған өнімдері күллі елге танымал бола бастады.
yarmarka3
Биылғы көрмеге облысымыздан 25 тауар өндіруші өз өнімдерін әкелген.Олардың ішінде халқымыздың ең қажетті,азық түлік өнімдері -нан,кәмпит,ірімшік.сүт, құрт сары май,қазы қарталармен бірге ішсең шөліңді қандыратын дәрумені мол қымыз- шұбаттарда бар.. Сондай-ақ , көкөніс,жемістерден өндірілген сок ,томаттардың бәрі де үстел үстінде жайнап тұр. Рахила Смаева «қылыш»шаруа қожалығының басшысы.Кәсіпкерлікпен 2012 жылдан бері айналысп келеді. Ата кәсіп-мал бағады.Бұл күндері. Досан ауылының 15 адамын жұмыспен қамтып отыр.
yarmarka2
Сонау Аралдан келген Құдайберген құлмамабетовтың есімі елге бұрыннан таныс.Қанмен келген зергерлік өнердің республикамыздағы асқан шебері.Өнімдері тек елімізге ғана емес шет елдерге белгілі,Бойына тек зергерліктенде басқа бірнеше өнер дарыған. Көптеген байқаулардың жеңімпазы атанып, аймақ намысын қорғап келе жатқан қол өнер шебері
yarmarka1
Биыл «Арал тұз» акционерлік қоғамының құрылғанына 90 жыл толып отыр.Қазір мұнда 700-800-дей адам жұмыс істейді.Жылына халыққа 250-300 тоннадай ас тұзын өндіреді Тұздары шет елдерге шығарылуда..

Облыс әкімінің орынбасары серік Қожаниязов көрмеге алып келінген тауарларының бәрін аралап көрді. Брусчатка шығаратын- «Мир», қиыршық тас гипс,бор өнідіруші-»Шиелі тас, мұнайшы -КМНПЗ» өндірістік ұжымдарына ризашылық білдірді.Көрме соңынан ол өндірістік мақсаттағы тауарлармен бірге халық тұтынатын сосын үздік азық -түлік тауарларына аймақ басшысы мен облыстық кәсіпкерлік палатасының 1,11,111 дәрежелі дипломдарын табыс етті.
Жеңімпаздар қырқүйек айында өтетін республикалық байқауда облыс абыройын қорғайтын болады.

Ізмұрат құрбанбаев

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>