Қазақстан халқы тілдері күні

Қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі болып аталып өтіледі. Осыған орай облыс орталығында «Тіл-татулық тағдыры» атты фестиваль болып өтті. Облыс орталығындағы ұлттық мәдени орталықтың өкілдерін «Қызылорда вальсі» әнмен күтіп алды. Бұл Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің бастауы болды. Біздің елімізде ғана аталып өтетін бұл мереке ұлтаралық достықтың да негізі. Фестивалде үлкен концерттің бағдарлама көрсетілді. Ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері өз ұлттарының өнерлерін паш етті. Олар өз тілдерінде және қазақша ән шырқады. Мемлекеттік тіл қазақ тілі әр ұлтты біріктіретін негізгі фактор. Мемлекеттік тілде өнер көрсетіп өздерін таныстырған орыс, өзбек және кәріс этоно-мәдени орталықтары конкурс барысында үздік үштіктен көрінді. Өзің өмір сүріп жатқан мемлекеттің тілі мен дәстүрін қадірлеуге міндеттісің. Өз тіліңді де ұмытпағаның абзал. 130 ұлыстардың ортақ Отаны болған Қазақстанда бұл еркіндік пен құрмет мәңгі салтанат құруда.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>