Қатерлі ісік жас талғамайды

Бұл ешқандай отбасыдан ерекшеленбейтін қарапайым ,,,,, жанұясы. Үйдің қазынасы — әжесі, отбасының гүлі болып саналатын 5 ару және де олардың ата-анасы берекелі өмір кешуде. Алайда, осы жылдың көктемі бұл отбасының бақытын, тыныштығын ұрлады. Үйдің ортанғы қызы – Ұлбосынның қалқанша без рагына шалдыққандығы белгілі болады. Қызының диагнозын естіген отбасы мүшелері күндіз күлкісінен, түнде ұйқысынан арылады. Ұлбосынды жүрегінің астында 9 ай бойы көтеріп, аялап-мәпелеп өсірген анасы, оны жамандыққа қимайды әрине: «Баламның табанына кірген шөңгел, менің маңдайыма кірсін» — деп ана жүрек қан жылайды. Ұлбосын 7 сынып оқушысы, алайда денсаулығына байланысты ол бүгінде мектепке бармайды. Деседе үйінде бос отырмай, кітап оқып, білімін жетілдіреді. Қатерлі ісік жас талғамайтындығын Ұлбосын өз басынан өткеріп отыр. 12 жасында пышақтың астына түсті. Алайда қиындыққа мойынсұнбай, оған көмек қолын созатын жомарт жандар бар екендігіне сенеді. Ұлбосынның артынан ерген Гүлжанат пен Ақниет әлі кішкентай және де аурудың қатерлі екендігін түсіне қоймайды. Деседе олар тәтесінің саулығын тілейді. Ұлбосынды радиоактивті йодпен емдеу қажет. Аталмыш медициналық емді Қазақстанда жасамайды екен. Сондықтан Ұлбосын Рейсейдің Омск қаласына баруы керек. Ол үшін 500 мыңдай теңге қажет, алайда бұл соманы ,,, отбасының қалтасы көтермейді. «Көгілдір экранға шығып, көпшіліктің көмегіне жүгінеміз деп, мың ұйықтасақ та түсімізге кірмеді. Алайда, қызымыздың тағдыры осы арқылы шешілмек» дейді отбасы үлкендері. Егерде бұл отбасының жағдайы сіздерді бей-жәй қалдырмаса, көмек қолдарыңызды созып, қаржылай жәрдем берсеңіздер болады. Төменде көрсетілген номерлерге хабарласыңыздар. Күндер аяусыз бірінен соң бірі судай ағып, өтіп барады. 2016 жылдың 11-ші қантарында Ұлбосын Омскдегі мамандарға қаралуы қажет. Ұлбосынның құлантаза жазылып кетуіне бір кісідей атсалысайық.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>