Қарулы күштер арасында эстафета

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай
Қызылорда гарнизонының Қарулы күштер арасында әскериленген эстафета ұйымдастырылды. Сарбаздар ұзақ қашықтыққа жүгіріп, Отан қорғауға әрқашан дайын екендерін көрсетті

5547 әскери бөлімінде Қызылорда гарнизонының әскери құрылымдарының арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай әскериленген эстафета өтті. Эстафетаға Қызылорда облысының Қорғаныс Істер Департаментінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлімінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2019 әскери бөлімінен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 66597 әскери бөлімінен және Қызылорда облысының Қорғаныс Істер Департаментінің Әскери техникалық мектебінің командаларлары арасында бақ сынасты.
Әскериленген эстафета 5547 әскери бөлімінің саптық алаңынан басталып, 5547 әскери бөлімінің әскери атыс алаңында аяқталады. Жүгіру бағыттының ұзындығы 18 500 метр. Бағытта әскерилер нормативтер орындап, салмағы 26 килограмм жәшік арқалап атыс алаңына жеткізу секілді жаттығулар орындайды. Эстафета ретінде сарбаздардың жинақталған киім кешек қабы пайдаланды.
Garnizon_02Garnizon_03

ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған эстефаталық жарыс қорытындысы бойынша Әскери техникалық мектебінің командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаз командалар Ұйымдастырушылар дайындаға кубок, диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>