Қаламгер Оразбек Мақсұтұлының туғанына 60 жыл

Жуналист, қарымды қаламгер, мәдениет қайраткері Оразбек Мақсұтұлы аймақтың мәдени-ағарту, руханият саласына өзіндік үлес қосқан, өнегелі азамат. Облыстық Сыр бойы газетінде ұзақ жыл қызмет атқарып, өңірдің идеология саласына аянбай қызмет етті. Өмірінің соңына дейін осы басылымда жұмыс жасап, Оның шығармашылық қолтаңбалары бірнеше жинақтарға енді. Бүгінде Оразбек Мақсұтұлы тірі болғанда 60 жасқа толар еді.

Оразбек

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген Оразбек Мақсұтұлы 1978 жылы Сырдария аудандық «Сырдария» газетінде еңбек жолын бастайды. Одан соң облыстық телерадиокомитеті тілшісі, редакторы қызметтерін атқарды. 1987 жылдан бастап облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі, бөлім меңгеруші болып жұмыс жасады.1996 жылдан өмірінің соңына дейін осы облыстық басылымда 14 жыл табан аудармай бас редактордың бірінші орынбасары болды. Әріптес достары оны өз ісіне мығым еді деп еске алады. Адамгершілігі мен ұқыптылығын, қызметіне деген адалдығын сағына әңгімелейді. Аймақтың ата басылымы рекдакторының бірінші орынбасары қызметінде болған Оразбек Мақсұтұлы газеттің идеялық дәрежесінің артуына, халық арасында беделді болуына, өңір журналистикасының дамуына, әсіресе журналистердің тәрбиесіне ерекше назар аударған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Сыр бойы» газетінің абыройын көтеруге әркез күш салып, газеттің республикалық «Алтын жұлдыз» бәйгесін жеңіп алуына зор үлес қосты. Қаламгердің қамқорлығын көрген шәкірттері оның әр іске де бар ықыласымен берілетіндігін айтып, жас буынды талмай еңбек етуге баулыды дейді. Оразбек отбасында да өнегелі отағасы, адал жар, балаларына асқар таудай әке бола білген. Жары Бибігүл оның ұлдарына сіңірген тәлімі мен еңбегі бүгінде балаларының азамат болып қалыптастырды дейді. Қаламгер көз жұмғанша отбасы мен қызметінің абырой биігін бәрінен жоғарғы қойғандығын айтады. Оразбек Мақсұтұлы жайлы әңгімелеген жолдастары, қызметтестері алдымен қаламгердің сабырлылығы мен жауапкершілігін сөз етеді. Өмірде кезіккен қиындыққа қарамастан мойымай, өз талпынысымен барлығын жеңе білді дейді. Журналистің жүрегі Қытай жерінде кенеттен тоқтамағанда бүгінде басылым жұмысының бел ортасында жүріп, 60 жасын тойлаушы еді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>