Қалалық мәслихаттың хатшысы ауылдарды аралауда

Наурызда өткен сайлауда жеңіске жетіп, халық қалаулыларының тізгінін ұстаған қалалық мәслихат хатшысы Роза боқанова жұмыс күндерін ауыл- аймақты аралаудан бастап жатыр. Ол кеше іргелес жатқан қосшыңырау, қарауылтөбе қызылжарма ауылдары мен белкөл кентін аралап,тұрғындардың хал -ахуалдарымен танысты. Қалалық мәслихаттың хатшысы Роза Боқанова жаңа қызметті ауыл- аймақты аралаудан бастап жатыр. Кеше төрт ауылды аралап,тұрғындардың тұрмыс- тіріліктерін білді. Олардың көкейлеріндегі толғандырып жүрген проблемаларын тыңдады. Осы мақсатпен елді мекендердегі мектеп, бала бақшаларды аралады.Жас ұрпаққа беріліп жатқан білім мен тәрбие жұмыстарын көзден өткізді.Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай атындағы ,»Казрис» білім ордаларында болды.1987 жылы салынған абай атындағы орта мектеп күрделі жөндеуді күтіп тұр. Ал Досан ауылындағы казрис мектебінің атын өзгерту проблемасы кешеуілдеуде- дейді ұстаздар. Орталықтағы №6 емханаға қарасты Абай ауылдық амбулаториясының ғимараты ескі , озығы жеткен ,қазір апатты жағдайда .Хатшы Роза Аяғанқызы депутаттармен бірге сонда барды. Емделушілермен, ақ халаттылармен жүздесті. Мұнан соң Роза Боқанова 250 орындық ауылдық мәдениет үйінде келді. Облыстық ,қалалық мәслихаттың депутаттары жорабек нұрымбетов,ғалымбек жақсылықов сосын өңірлік инвесициялық орталық,«атамекен» кәсіпкерлік палатасының мамандарымен бірге елді мекенге келу мақсаттарын тұрғындарға жеткізді. Кездесуге келген мамандар ауылдарда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөнінде түрлі кеңестер берді. Оларға үкіметтің бағдарламаларын таныстырды. Қарауылтөбе ауылындағы халықтың саны екі мыңға шамалас. Мұнда 10 шаруа қожалығы екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді. Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының егіс алаңы осында ауылда. Институт осы күнге дейін арпа,бидай, жоңышқаларды ерте көктемде екен. Енді жақын күндері салы егу жұмыстарына кіріспек.Басшылық халық қалаулыларына бірнеше жаңа егістік техникаларды таныстырды .Сосын проблемаларында айтты. Белкөл кентінде үш жарым мыңдай халық бар.Олардың күн көрістерінің негізгі көзі -бюджеттік сала,жеке кәсіпкерлік пен шаруа қожалықтарынан болып отыр.Мұнда проблемалар жоқ емес, баршылық,.Бұрыннан айтылып келе жатқан Қазпошта мен дәрігерлік амбулаториялар кішкентай тар бөлмелерде жұмыс істейді .Көрінуге,ем алуға келген халықтың ішке кіріп шығуы мүмкін емес. Қалалық мәслихаттың хатшысы Роза Боқанова бұл мәселерді жақын уақыттарды шешеміз деп жиналғандарды сендірді. Мәслихат хатшысы бір күндік сапарының соңын Қызылжарма ауылында аяқтады. 2013 жылы жаңадан салынған ауылдық мәдениет үйінде халыпен кездесіп, елбасы қойып отырған 100нақты қадам ұлт жоспары туралы айта келе ауылда кәсіпкерлікті өркендету жайына тоқталды..Өйткені қолың қимылдаса, ернің қимылдайды.Сонда әуелі отбасың, ауылың сосын бүкіл елің тоқ болады- деді. Бірге барған сала мамандары неси беру туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>