Қала өрелі өзгерістердің алғы шебінде

Ағымдағы жылдың 5 айында облыс бойынша өндірілген өнеркәсіп көлемінің 82,8 пайызы қаланың үлесінде. Өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс салаларында да қарқын бар. Ауылшаруашылығы саласына мемлекет тарапынан берілген жеңілдіктер тұрғындар тірлігінің көшін түзеуге сеп болуда. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясында есеп берген қала әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы мәлімдеді.

Әкім болу елге билік жүргізу емес, елге қызмет ету. Осы ұстанымды ұстанған қала басшысы жарты жылдықты қортындылап халық қалаулыларының алдында есеп берді. Экономиканың күре тамыры санаталатын ауылшаруашылығы саласында серпіліс бар. Әсіресе мемлекеттік құлан сыбаға алтын асық бағдарламалары шаруалардың қолайына жағып тұр. Осы бағытта 71,3 млн теңге несие алыныпты. Мал басын асылдандырып көбейту жолға қойылып келеді. Мұнан басқа қалаға қарасты ауылдық округ тұрғындарының әлеуетін арттыруға бағытталған дипломмен ауылға бағдарламасы да жүйелі жалғасуда. Ағымдағы жылдың 6 айында 17 млн 443 мың теңге қаржы төленген.

Қала экономикасына серпін берер инвестициялық жобалардың да мүмкіндігі артып отыр. Еуропалық қайта құру және даму банкімен аймақ басшысының іскерлігі нәтижесіне несиелік келісімге қол жеткізілгені мәлім. Келісімдер бойынша Қызылорда қаласының электр, жылу және су желілерін, көшелерді жарықтандыру жүйесін қайта жаңғырту жобалары аясында, облыс бойынша 63 млрд. теңгеден астам қаржыны құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және «Еуропалық қайта құру және даму банкі» арасында кредиттік несие шартқа қол қойылды. Қаржыландырудың жалпы құны – 6,7 млрд. теңгені құрап отыр.

Тұрғын үй мәселесі де оңтайлы шешілуде. «Нұрлы жол» экономикалық саясатының аясында, Қызылорда қаласының тұрғын үй құрылысын арттыру мақсатында ұлттық қор есебінен 2,1 млрд. теңге бөлінді.
Несиеге берілетін 11 тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға – 1,1 млрд.теңге;
Инженерлік желілер құрылысына – 1,0 млрд. теңге қаралған.

Сонымен қатар «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы арқылы 22 тұрғын үйдің;
«Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы арқылы 6 тұрғын үйдің;
«Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы мен «Әсем – Астана құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен 7 тұрғын үйдің және 2 арендалық, 2 аппатық тұрғын үйдің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау межеленіп отыр.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда жаңа жобалар жүзеге асуда. Қалалықтар үшін стратегиялық маңызды көшелер кезең-кезеңімен қайта жаңғыртудан өткізілуде.

Биылғы жылға жалпы ұзындығы 51,2 шақырымды құрайтын 69 көшеге облыстық және қалалық бюджеттерден 1 млрд. 655,8 млн.теңге бөлінген. Осы ретте айта кету керек тұрғындар жұмыс жасалған сайын талапты да күшейтуге әдеттенген. Есеп беруге дейінгі қоғамдық қабылдауда шет аймақтардағы көшелерді абаттандыру жайын қозғағанды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Тек сабақты ине сәтімен.

Биылғы жылдың жаңа оқу маусымында Қорқыт ата көшесіндегі 900 орындық және Ипподром мөлтек ауданынан 900 орындық жаңа мектеп ғимараттары пайдалануға берілмек.

Қала бойынша апаттық деп танылған №172 орта мектептің құрылысын жүргізуге, Тасбөгет кенті, О.Сейтпенбетов көшесінен 300 орындық жаңа ғимарат салуға 400 млн теңге бөлінді. «Балапан» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 97 млн. теңге, №5 «Шаттық» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізуге 53 млн теңге, №32 «Қызғалдақ» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізуге 64 млн теңге бөлінді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Е.Көшербаев және Нұрқабаев көшелерінің қиылысынан 280 орындық жаңа балабақша салуға, республикалық бюджеттен 150 млн теңге қаралып отыр. Мұндай оң өзгерістер мәдениет спорт жұмыспен қамту салаларына да тән. Сондықтан қала басшысының есебін тыңдаған халық қалаулылары оң бағы, жүйелі жалғастық тіледі.

Сессия отырысында мұнан кейін қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының есебі тыңдалып бюджетке енгізіліген толықтырулар мен өзгерістер нақтыланды.

Do you personal statement writer service think that these services are too expensive for you.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>