ҚАЛА ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халық алдында өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. Есепті жиынға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қатысып, облыс пен қаланың алдағы даму жоспарларын жұртшылыққа жеткізді.

Шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев өз есебін қаланың қазынасынан бастады. Өткен жылы бюдежттің кірістері соңғы 4 жылда 2 есеге артып, 8 млрд теңгеден 16 млрд теңгеден асып жығылған. Содан соң Нұрлыбек Мәшбекұлы ауылшаруашылық саласында атқарылған жұмыстарға ойысып, бұл саладығы өнімнің 5 млрд теңгеден асқандығын жеткізді.

Әкім өз есебінде Қызылорда қаласы – қалаішілік су құбырлары 60 пайыздан астамы жаңғыртылған бірден бір қала деді. Айтуынша, Ауыз су, кәріз жүйелері мен ғимараттарын қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасына сәйкес, облыстық бюджеттен қоса қаржыланжыруға 154,4 млн теңге, Ұлттық қор есебінен 1 млрд 389 млн теңге бөлінген. Ұлттық қордан бөлінген 1 млрд 299 теңгеге ұзындығы 14,6 шақырым болатын су құбыры қайта жаңғыртудан өтіпті.

Қаланың жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары да қарқынды жүргізілген. Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген 997 млн теңгеге 13 шақырым болатын жылу жүйелері жөндеуден өткен.

Сыр елінің ауыз толтыра айтар тағы бір жетістігі құрылыс саласы. Облыстағы атқарылған құрылыс жұмыстарының 80 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. 2016 жылы 4 мың 126 пәтерді құрайтын 80 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілген.

Облыс орталығын көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 95 пайызды құраған. 2015 жылы Тасбөгет кенті  мен Қызылжарма елді-мекенін газдандыру жұмыстарына 2 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып, 4 мыңнан аса тұрғын үй газға қосылған. Ал, өткен жылы Талсуат ауылындағы 500-ге жуық үй мен 3 әлеуметтік нысан көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Сонымен қоса қаланың жол-көлік инфрақұрлымы саласында да жүзеге асырған жобалары да орасан.

Қала әкімі білім саласына да қыруар қаржы бөлінгеніндігін де тілге тиек етті. Өткен жылғы оқу жылында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Тасбөгет кентінде 300 орындық жаңа мектеп пен қала орталығында 280 бүлдіршінге арналған балабақша пайдалануға берілген. Сонымен қатар, 6 мектеп пен 1 балабақша және «Сырдария» тынығу лагері күрделі жөндеуден өткізілген.

Нұрлыбек Нәлібаев есебінің соңында алдағы атқарар жұмыстарымен де жұртты таныс етті. Ағымдағы жылы Қорқыта ата көшесі күрделі жөндеуден өтіп, Белкөл кенті көгілдір отынмен қамтылмақ. Және тағы бірнеше нысандар облыс орталығында бой көтермек екен.

Қала әкімінің баяндамасынан соң тұрғындар шаһар басшысына өз сауалдарын жолдады. Сұрақ қоюшылардың дені аппатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары. Олар көп қабатты үйлерді қайта жаңғырту бағдарламасының қайта іске қосылғанын қалайды. Бұл сұрақтарға қос әкім де көңіл қуантарлық жауап айтып, көптің көңіліндегі алаңдаушылықты басқандай болды.

Қала әкімінің есебін аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қорытындылады. Қырымбек Елеуұлы жаһандық дағдарысқа қарамастан Сыр өңірінің толағай табыстарға жетіп келе жатқандығын жеткізді. Алдағы атқарылар шаруаларға тоқталып, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын игерудегі жоспарларымен бөлісті.

Осылайша қала әкімінің есеп беру жиыны қала тұрғындары тарапынан оң бағаланды. Жиын соңында Қырымбек Көшербаев шаһар басшысы мен өзінің орынбасарларына қала көлемінде кәсіпкерлікті дамытуға күш салу қажеттігін қадап айтты. Бүгінгі жеткен жетістіктерге тоқпейілсімей халық алдындағы жұмысымызды одан әрі тыңғылықты атқару баршамыздың парызымыз деді.

Ерқанат Сәрсенбай, Дастан Ахметов, Еркебұлан Шәукенбаев, ҚҚТ

Поделиться:

Автор Айзада Муратова

Корреспондент телеканала "Когам-ТВ"

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>