Қадір түні

Мұсылмандар үшін барлық күннен де, түннен де қасиетті болған түн — Қадір түні. Ол – адам баласына Құран аяттарының түсе бастаған кезі. Ләйләт-ул-Қадр — Рамазан айының соңғы он күндігінде болады. Биылғы Қадір түні 13-нен 14 не қараған түн.

Құранның Қадір сүресінде бұл түннің мұсылмандар үшін мың айдан да қадірлі екені айтылған. Бұл түні жерге түсетін періштелердің саны майда қиыршық тастан да көп болады делінген. Осы түні жасалған ғибаттардың сауабы 83 жыл жасағанмен құлшылыққа тең. Сондықтан барша мұсылман қауымы Қадір түнінде мешіттерге ағылады. Орталық мешітте жамағатқа жағдай жасау мақсатнда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Асханасы басқа ғимаратқа көшіріліп, ғибадат үйін кеңейту қолға алынған. Облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Әлібаев «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне арнайы барып жамағатты қасиетті Қадір түнімен құттықтады.

Нұржан Әлібаев, Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы
— Ассалаумағалейкум құрметті ағайын, бауырлар бүгінгі қасиетті Қадір түні баршаңызға мүбәрак болсын! Дұға, ниеттіңізді Алла қабыл етсін деп тілеймін! Өздерңіз білесіздер, қазір аймағымызда көп құрылыстар жүргізіліп, жолдар салынды. Бұл игі істің барлығы әрине алдымен бірліктің арқасы. Таза ниетімізге, имандылығымызға байланысты. Осы игі шаралар әлі де болса жалғасын табатынына сенім білдіремін!

Бұл түннің Қадір түні аталуының бірнеше себебі бар. Ол араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз» және «өлшем», сондай-ақ, «құдырет» деген мағыналарға ие. Ислам ғұламалары бұл түнде Алла Тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын айқындайтынын жеткізген. Сондықтан барынша құлшылық жасап, игі амалдарға ұмтылғандар мол сауапқа кенелмек. Қадір түнінде орталық мешітке келген жамағатқа облыс әкімінің атынан ауызашар мен сәресіне арнап дастархан жайды.

Талғат Омаров, Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы
— Бүгін абыройлы түн, бүгін берекеге толы түн. Бүгін дұға, тілектің қабыл болатын түні. Бүгін Алла Тағала тарапынан періштелердің жер бетіне түсіп, мұсылмандардың арасында дұға, тілектердің, құлшылықтарында бірге болатын түн. Бүгін күнәлардың кешірілетін түні. Бүгін тозақ отынан құтылатын түн. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадис-шарифінде бұйырады: «Кімде-кім Қадір түнін ұлықтап, құлшылықпен, намазбен өткізетін болса, ол пенденің бүкіл күнәларының барлықтарын Алла Тағала кешіреді».

Бұл түннің қадірін білгендерге Алланың мейірімі мен берекесі жауады, ал одан құр қалмау адамның руһани сергектігіне байланысты. Өткен жылмен салыстырғанда мешітке келгендердің саны өте көп. Басым бөлігі жастар. Мешітке симаған жамағат аулада отырып-ақ құлшылықтарын қылды. Автотұрақ та адамға лық толды. Бұл – жыл санап дінге бет бұрып, Жаратушыға құлшылық етушілердің артқанының айғағы. Олар таңға дейін жамағатпен бірге болып, мешіт ұжымының ұйымдастыруымен өтен түрлі танымдық шараларға да атсалысты. Сонымен қатар, дәл осы түні діни іс-шараларды насихаттап жүрген бірнеше журналистер марапатталды.

Салтанат Шаханова

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>