Құрбысын асхана пышағымен өлтірген сотталушыға үкім шығарылды

Желтоқсан айының 21 жұлдызында өз құрбысын асхана пышағымен жарақаттап өлтірген сотталушыға үкім шығарылды. Бірнеше мәрте өз кінәсін, жанжал барысында құрбысын жарақаттағаның мойындаған сотталушы процесс барысында кінәлі емеспін деп ақталды.

sot_Mereke

29 нарыз күні процесс таңғы сағат 10-00 де басталды. Істі қараушы төраға Асхат Сабыров.Оқиға 2015 жылдың 21 желтоқсанында сағат 03-00 шамасында болған.Сотталушы азаматша күйеуімен бірге және жанұясымен араласып жүрген ерлі зайыпты достарымен алкогольдік ішімдікті ішіп отырған.Ішімдік ішу барысында сотталушы өз құрбысымен сөзге келіп, араларында жанжал туындаған.

sot_Mereke02

Өлім құшқан қызының қайта келмейтінің біледі. Алайда өлген жан өлді деп қарап отыра алмаймын. Қылмыскер өз жазасын алсын десті анасы.Ал сот мәжілісінде сотталушы кінәсін мойындамай, жәбірленушіні өлтіру мақсатының болмағаның айтып, жәбірленушімен төбелесіп жатқанда сотталушының, яғни өзінің күйеуі жәбірленушіге пышақты тығып алды деп, жауаптылықтан босатуды сұрады.

sot_Mereke03

Әр тарап бастапқы пікірлерінде қалатының жеткізді. Ал жәбірленушінің туған туысқандары бұл уақытқа дейінгі тергеу барысында құрбысы өзінің кінәлі екенін айтып енді неліктен жауаптан бас тартып отырғаның білмей әлек.Сонымен Сот үкім етті. 24 жастағы әйел сотталушыға ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 1 бөлігімен айыпталып 9 жылға бас бостандығынан айруды және 2 млн теңге көлемінде жәбірленуші тарапқа материалды көмек өңдіру турасында үкім етті. Сондай ақ сотталушының қамқорлығындағы 2 баласын туу туралы куәлігінде белгіленген әкесіне тапсыру керектігін атады. Сот процесі аяқталған сон ары қарай баспасөз брифингімен жалғасты.Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Сабыров бұл тіпті таңырқарай қарайтың жағдай. Бір бірін нәзік жандардың өлім құштыруы сот процесін қараудағы жеке тарихымда алғаш кездесуі десті.

sot_Mereke01

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>