Құдыққа түскен бала құтқарылды

Қаламыздағы Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі белгілі бір жеке серіктестіктің аяқсыз қалдырған жұмысының нәтижесінде сол жердегі тұрғындардың бірі Санжар есімді бала сол қазулы қалған құдыққа түсіп кеткен. Толығырақ тілші бейнематериалында. Санжарды құтқарған Жарқынбай күндегі әдетінше сыртта отырған, жұмыс істеп жатқан құрылыс мекемесі тірлігінің не болып жатканын көру үшін қазулы тұрған жерге барған, сол уақытта Санжардың қазылған құдыққа түсіп, шыға алмай жатқанын көріп көмек көрсеткен. Жедел жәрдем шақырып облыстық медицина орталығына апарып баланың жағдайын тексерткен. Дәрігерлердің айтуынша баланың денсаулығы жақсы, ешқандай қауіп жоқ екен. Гауһар баласының осындай жағдайда қалғанын құрылыс жұмысымен айналысатын жеке серіктестіктің қызметкерлерін кінәлайды. Оның айтуынша бұл мекеменің аяқсыз қалдырған осы ісінің осылай ашық-шашық, қоршаусыз тұрғанына 10 күннен асыпты. 2жасар Санжар «Сыр бөбегі» балабақшасының бүдіршіні. 3 баланың анасы Гауһар баласын құтқарып аман алып қалған көршісі Жарқынбайға отбасының атынан алғысын айтты.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>