Ғалымның ғылыми еңбектері жарыққа шықты

Филология ғылымының докторы, профессор Тоқболат Еңсегенұлының 7-томдық ғылыми еңбегі жарыққа шықты. Көне түркі жазбаларын зерттеген ғалымның монографиялары қалың көпшілікке, ғылым жолындағы ізденімпаз ғалымдарға арналған. Әлем халықтарының көне мәдениеті, жазбалары, діні ерте дамыған, алғашқы мәдениеті қалыптасқан елге көне Египет пен Қытай халықтары жатады. Осы халықтардың мәдениетімен қатар түркілердің де руна жазба мәдениеті дамыды. Тасқа қашалған көне руна жазбаларының биіктігі 2 метрден асады, ені 1,5 метрден жоғары. Жазбалар шығыс дастаны түрінде жазылған. Солардың қатарында Орхон, Енисей, Турфан, Алтай, Талас жазбалары бар. Міне, осы мұраны 5 том қып тұтастай алып зерттеп жазған ғалым ұстаз Тоқболат Еңсегенұлының еңбегі зор. Себебі, мұндай монографиялық еңбек түркі елдерінде алғаш рет жазылған. Кітаптың алғашқы томында өлең туралы айтылған. 2-ші томға топтасқан «Ырқ Бітіг» кітабы және қазақ шығыс даналығы монографиясы. «Ырқ Бітіг» ол 60 өлеңнен тұратын көне түркі руна жазбасы. Қазақ тіліне аударылып, транскрипцияланған. Мұнда филиософиялық жүйе, қазақ жырлары мен оның өзектілігі айтылады. 3-ші кітапта – Алтай, Талас жазбалары, уақыт пен кеңістіктегі көне түркі іздеріне тоқталған. Жинақтың ең түйіндісі ол Қорқыт ата –түркілердің рухани кемеңгері туралы жазған зерттеу еңбегі. Бұл ғылыми еңбектер Яссауи атындағы Қазақ түрік халықаралық университетінің қолдауымен шығарылған. Иә, көне мәдениеті жоқ ел жабайы ел саналады. Ендеше, көне түркілердің мәдени мұрасын зерттеу өз мәдениемізді, тарихымызды қалыптастыру боп саналады.

Токболат

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>